ШЫМКЕНТ: ОҚШАУЛАНҒАН АУМАҚТАРДА МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Рейтинг
13.04.2020, 21:21

Шымкент қаласындағы оқшауланған 8-шағынауданда №13 емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте. Мұндағы санитарлық бекетте емхана мамандары медициналық көмекті қажет ететін жергілікті тұрғындарға тәулік бойы көмек көрсетуге дайын.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласында 3 сәуір күні коронавирус жұқтырған 1 жағдай тіркелген еді. Осыған орай, Шымкенттегі 8-шағынауданда (№53 көпқабатты үй) оқшауланды. Вирусты жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды.

Сондай-ақ 4-сәуір күні Желтоқсан 3А мекен жайындағы көп қабатты үйлердің бірінде тұратын бір азаматтан коронавирус індеті анықталған болатын. Науқас бірден ауруханаға жатқызылып,қажетті емін алуда. Індет ошағы анықталған көпқабатты үй маңында да емхана қызметкерлері тәулік бойы қызметте жүр. Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.

Осы орайда, №13 емхана дәрігерлері аурудан сақтанудың ең тиімді жолы үйде отыру қажеттігін айтады. Сондықтан мамандар сіздің және айналаңыздағы туысқандарыңыздың саулығы үшін үйде қалуларыңыңызды сұрайды.

Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы

Сұхбат

PhotoRoom