Бұл дағдарыс бұрынғыдан өзгеше

Рейтинг
21.01.2015, 13:36

2015 жылы күтіліп отырған әлемдік дағдарыс көлемі мен ұзақтығы жағынан бірегей болмақ, деп есептейді Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты (ҚСЗИ) директорының бірінші орынбасары Ләйлә Мұзапарова.

«Күтіліп отырған әлемдік дағдарыс көлемі мен ұзақтығы жағынан бірегей болады. Дәлірек айтқанда, ол көлемі мен ұзақтығы жағынан баламасыз болмақ», — деді Л. Мұзапарова сейсенбідегі «Жаһандық сынақтар кезеңі: жаңа қатерлер» дөңгелек үстелінің отырысында.

1338330493

Оның айтуынша, жаһандық экономиканың рецессиясы екінші жағымсыз тенденциямен бірге, дәлірек айтсақ тауар нарықтарындағы бағаның құлдырауы немесе төмендеуі бірінші кезекте Еуропамен байланысты және ол биыл басталатын, сонымен қатар алдағы бірнеше жыл бойы жалғасатын дағдарыс туралы сыр береді.

«Оның үстіне бұл дағдарыс өткен дағдарыстарға қарағандай айтарлықтай өзгеше. Біріншіден ол халықаралық геосаясаттың шиеленісуімен ерекшеленеді. Екіншіден мұнай бағасының төмендеуімен қатар өзге де негізгі тауарлар мен ресурстардың құны арзандауда. Соңғы 7 айда Brent маркалы мұнайдың бағасы 60%-ға төмендеді. Бұдан басқа, алтын мен өзге де металдардың бағасы күрт құлдырап кетті», — деп толықтырды сарапшы.

Оның болжамы бойынша, ағымдағы жылы әлемдік экономиканың жағдайы жақын арада барған сайын төмендей береді. Бұған соңғы кездері әлем экономикасында қалыптасқан негізгі екі жағымсыз тенденция сеп болады.

«Біріншіден, әлемнің басты экономикаларында жалпы ішкі өнім өсімінің қарқыны төмендеді, екінші тауарлық-қаржылық нарықтарда жағдай нашарлады. Сонымен, 2014 жылы әлемнің бірқатар ірі экономикаларында техникалық рецессия байқалды, яғни ЖІӨ екі тоқсан бойы төмендеді. Мұндай жағдай Жапония мен Бразилияда орын алды. Өткен жылы Қытай экономикасында да байқалды», — деп атап өтті сарапшы.

Л. Мұзапарова баса айтқандай, 2015 жылы Еуропа одағы мен Ресей экономикасында бәсеңдеушілік болады деп болжанып отыр. Өсімнің бәсеңдеуі Қытай экономикасында да болжануда.

Сұхбат

PhotoRoom