Мәсімов Давоста кездесулер өткізді

Жаңалықтар
22.01.2015, 09:31

Давоста өтіп жатқан Дүниежүзілік экономикалық форум аясында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан-Қытай арасындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, бұған дейін жасалған келісімдердің орындалу барысын және бірлескен жобалардың шарттары мен орындалу мерзімін талқылады.

Айта кетейік, сондай-ақ, К. Мәсімовтің Руанда Республикасының Президенті Пол Кагаммен кездесуі болып, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Әңгіме барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанның БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар ауқымында африкалық мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.

Сұхбат

PhotoRoom