Отбасында білім алып жатқан балаларға көмек қолын созатын түрлі әдістемелік құралдар жетерлік

Рейтинг
14.06.2020, 14:21

Шымкент қаласы Әдістемелік орталықтың жылдық жоспарына сәйкес  «Ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыстары» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым меңгерушілеріне арналған онлайн режимінде семинар өткізілді. Аталмыш семинарға Қаратау және Еңбекші аудандарының 23 мектепке дейінгі ұйым меңгерушілері қатысты. Семинар барысында консультациялық пункттің ережесі, мақсат-міндеттері, бағыттары, қызметті ұйымдастыру жолдары нақты айтылды. Сонымен қатар консультациялық пункт қызметін ұйымдастыру формалары, жұмысты ұйымдастыру барысындағы қойылатын талаптар, және құжаттар жөнінде таныстырылым жасалды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмысының қысқаша үлгілік жоспары да көрсетілді. Консультациялық пункт жұмысының уақыты мен ұзақтығы да нақты айтылды. Қазіргі таңда қашықтан оқып жатқан балалардың ата-аналарына барынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Отбасында білім алып жатқан балаларға көмек қолын созатын түрлі әдістемелік құралдар жетерлік. Жалпы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылы 28 қаңтарда №27 бұйрығымен бекітілген ата-аналарға арналған консультациялық пунктердің қызметін ұйымдастыру туралы үлгі ережесі толық таныстырылды.

Сұхбат

PhotoRoom