Жас отбасыларды қолдайды

Рейтинг
14.06.2020, 17:05

Жыл сайын Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» халықаралық отбасы күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырып келеді. Орталықта жас жұптарға отбасы құндылығын сақтауға бағыттайтын орнайы психологиялық бөлім бар. Орталық қазіргі күннен бастап биылғы «От­ба­сы күнін» жоспарға сай атап өтті. Аталған мерекенің басты ұстанымы - жаңадан отау құрған жас отба­сыларға отбасылық құндылық­тарды дәріптеу, өскелең ұрпақты инабаттылыққа, татулыққа, сый­ластыққа, адамгершілікке тәр­биелеу. Осы басты ұстанымды жастар арасында насихаттау жүзеге асырылуда. Жас отбасылардың жанұя бірлігін сақтап, ата-ана алдындағы қарызын өтеуге, үлгілі отбасының оң имид­жін насихаттауға баулу басты ұстын болып тұр. Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқар­масының бұл тарапта атқарып отырған жұмыстарын оң деп бағалауға болады.

Сұхбат

PhotoRoom