ЖАҢА ЗАҢ – ЖАРҚЫН БАСТАМАЛАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Жаңалықтар
15.03.2021, 15:25
ЖАҢА ЗАҢ – ЖАРҚЫН БАСТАМАЛАРҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мамандардың айтуынша, шағымды сотқа дейін реттеу кезеңінде тұтынушы басымдылығы арта түседі. Департамент 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы заңда көрсетілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша толық жұмыс істеуге көшкен. Атап айтқанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның жергілікті департаменттерінің рөлі күшейеді.

Әлібек Тілегенов - Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Департамент мамандарына профилактикалық және кезектен тыс тексеру секілді мемлекеттік бақылау құзыры беріледі. Бұған қоса департамент қызметкерлері әкімшілік-процессуалдық шешімдерге де қатысаа алады.Тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы басты жаңалықтың бірі – бірыңғай база мен арнайы мобильді қосымша болып отыр.

Әлібек Тілегенов - Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қалалық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

Кәсіпкерлердің кем өлшеуі, таразыдан жеуі, есептен жаңылысу жағдайы тіркелсе жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы құқықбұзушылық тағы да қайталанса лицензиядан айырылады.  Үш жылға дейінгі мерзімге қызметі тоқтатылады. Әрі салынатын айыппұл көлемі де артатын болады

Сұхбат

PhotoRoom