Биыл шымкентте 34 мектептің құрылысы жүруде

Рейтинг
02.08.2022, 12:27
Биыл шымкентте 34 мектептің құрылысы жүруде

Сапалы білім беру мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орынға арналған 101 мектеп салу жоспарланған. Жоспарлы жұмыстардың орындалу барысын, жаңадан бой көтеріп жатқан білім мекемелерінің құрылысын қадағалау, жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында қала әкімі М.Әйтенов бірқатар жекеменшік мектептерді аралады.  Биыл жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 24 мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтін болады.

Жалпы, Шымкентте өткен жылы 11 764 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді. Салынып жатқан барлық білім ордаларының жаңа дизайнда, сапалы элементтерден жасалуы шахар басшысының жіті бақылауында.

Сұхбат

PhotoRoom