Ұрпақ тәрбиесі жалпыға ортақ

Рейтинг
20.09.2022, 14:02
Ұрпақ тәрбиесі жалпыға ортақ

Бала тәрбиесінде ұлт болып ұйысуымыз керек. Сонда ғана саналы ұрпақ тәрбиелей аламыз. Ордабасы ауданында өткен  «Жаңа қазақстанның жас ұрпағын тәрбиелеу-ортақ мақсат» атты ата-аналар конференциясына қатысқандар осылай деді. Аудандық прокуратура мен Адами әлеуетті дамыту бөлімі ұйымдастырған шараға ұстаздар мен ата аналар қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. 

Мемлекет басшысы  дәстүрлі жолдауында педагогтар қауымына үлкен міндеттеме жүктеді. Балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздың алар орны ерекше.Дей тұрғанмен бала тәрбиесін тек ұстаздарға ысрып салып қарап отыруға болмайды, дейді прокурорлар. Өйткені өскелең ұрпаққа ең бірінші тәрбие өз Отбасында беріледі.Сондықтан бала тірбиесі әрбір шаңырақтан басталуы тиіс. Тіпті бүгінгі көз ілеспес шапшаңдықпен дамып кетіп бара жатқан ғаламтордың өзін дұрыс пайдаланбасақ, өскелең ұрпақтың ой-санасын улауы әбден мүмкін,дейді құзырлы орган өкілдері.

Конференцияға білім беру мекемелерінің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері мен мектеп директорлары, әлеуметтік пегагоктар мен  психологтар. Ата-аналар комитетінің төрағалары, ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебінің » мүшелері мен ата аналар қатысты. Жиында қоғамдағы жасөспірімдердің қатысымен болып жатқан келеңсіз жайттардың алдын-алу, баллардың түнгі уақытта қараусыз,бейсуат жүруіне жол бермеу сынды ұсыныстар айтылды.Балалардың өмір қауіпсіздігін сақтауда  ата-анаға  көбірек жауапкершілік артылары анық. Дей тұрғанмен «Мәңгілік елдің-еркін ұрпағын тәрбиелеуде жұрт болып жұмылуымыз керек, дейді мамандар

Конференцияда жалпы бала тәрбиесіне қатысты келелі ойлар айтылып, нақты ұсыныстар ортаға салынды. Жиынға қатысушылар болашақ ұрпақ тірбиесінде «Жасөспірім-Өнім  Мектеп пен ата-ана- Дихан» демекші  Ұлттық ұстанымы ерекше, патриоттық сезімі жоғары ұрпақ тәрбиесінде бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты. Алдағы уақытты дәл осындай жиындар білім ұяларында да өткізілетін болды. 

Сұхбат

PhotoRoom