Қасым-Жомарт Тоқаев шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Жаңалықтар
28.09.2022, 14:14
Қасым-Жомарт Тоқаев шымкент қаласының жұртшылығымен кездесті

Мемлекет басшысының жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өтті.

ПРЕЗИДЕНТ ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚУАТЫМЕН ТАНЫСТЫ


Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында Шымкент мұнай өңдеу зауытына барды. Зауытты басқарушы компания – «Петро Қазақстан Ойл продактс» ЖШС-нің президенті Ерболат Қожабаев Мемлекет басшысына қайта жаңғыртудан өткен өндірістің қазіргі жұмысы туралы баяндады.Бүгінде зауыттың жобалық қуаты жылына 6 миллион тонна мұнай өңдей алатын деңгейге жетіп, К-4, К-5 экологиялық санатындағы жанар-жағармай өндіре бастаған. Бұдан кейін зауыт жұмысшыларымен әңгімелескен Президент өндіріс орнының стратегиялық маңызына тоқталды. Соңғы үш жылда зауыттың бензин өндірісі 2,1 миллион тоннаға, авиакеросин өндірісі 340 мың тоннаға, дизель отыны 1,9 миллион тоннаға дейін артқан.  Өнім толықтай ішкі нарыққа өткізіледі

ШЫМКЕНТТІ ДАМЫТУҒА 170 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ ҚАРЖЫ БӨЛІНДІ

Айта кетейік, Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді. 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Қала бюджеті 4 есе өсті. Қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты. Аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды.Инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі. Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған. Қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды. 

Сұхбат

PhotoRoom