Мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналарға көмек көрсетіледі

Аймақ
10.10.2022, 14:51
Мүмкіндігі шектеулі баласы бар аналарға көмек көрсетіледі

Үшінші мегаполисте мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың ата-аналарына жағдай жасалған. Осы мақсатта шаһарда «Ерекше балалар ата-аналар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалы жұмыс жасап келеді. Мамыр айында ашылған бірлестіктің бүгінде еліміз бойынша 14 бөлімшесі бар. Ал, Шымкенттегі филиалы Тамыз айында ашылып, оған 200 ден астам ана тіркелген. 


Қарлығаш Еспенбетованың ерекше күтімді қажет ететін екі баласы бар. Ол орталыққа тіркелгелі жұмысы жеңілдеген. Себебі қоғамдық бірлестік мамандары қажет кеңес беріп, мәселесі бойынша бағыт бағдар көрсетіп отырады дейді.  

 «Ерекше балалар ата-аналар одағы» мамыр айынан бастап азаматтарға қызмет көрсетеді. Бес айдың ішінде еліміздің 14 өңірінен бөлімшелері ашылған. Мақсты әр өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың ата аналарына қолдау көрсету, ортаға бейімдеу және бағыт бағдар беру. Қоғамдық бірлестік жетекшісінің сөзінше елімізде 176 мыңға жуық ерекше күтімді қажет ететін азамат бар. Олардың жүз мыңға жуығы ғана арнайы тіркелгендер. 

Шымкентте 18 жасқа толмаған жеті мыңнан аса бала бар. Ал, одақтың қалалық филиалына 200 ден аса ана тіркеліпті. Одаққа тіркелушілерге көмек көрсету мақсатында шаһарда 8 мемлекеттік мекемемен меморандумға қол қойған.  

Айта өтейік, «Ерекше балалар ата-аналар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкенттік филиалына еліміздегі барлық бөлімше өкілдері келіп қатысты. Олар одақ көтерген мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

Сұхбат

PhotoRoom