Ақмолада 4,5 млн теңге айыппұл өндірілген

Аймақ
10.02.2015, 19:14

Ақмола облысының сот орындаушылары мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, «Борышкер» профилактикалық шарасы аясында бар-жоғы үш күн ішінде 4,5 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұл өндірді. Бұл туралы облыстық әділет департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

6 ақпаннан бастап, облыс аумағында сот орындаушылары тәртіп сақшыларымен бірге әкімшілік айыппұлдарды өндіру бойынша көлемді рейд шараларын жүргізген. Мұндағы мақсат - сот шешімімен салынған және бұрын полиция қызметкерлерімен салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған азаматтарды анықтау.

Арнайы жүргізілген шара нәтижесінде облыс аумағындағы айыппұл алаңдарына 126 автокөлік тоғытылып, бюджет қоржынына 4 миллион 476 мың теңге өндіріліп алынды. Тек Көкшетау қаласында ғана 86 автокөлік ұсталып, иелерінен 2 миллионнан астам қарыз өндірілді.

Сонымен қатар сот орындаушылары әкімшілік айыппұлды заңды күшінен енген қаулыны ерікті түрде салынған күннен 30 күн ішінде төлемеген жағдайда азаматтарға мәжбүрлеп орындау туралы шаралар қолданылатынын ескертеді. Осылайша,ҚР әкімшілік құқықбұзышылық туралы кодекстің 669-бабына сәйкес, 10 айдан 20 АЕК-ке дейін, немесе 10 тәулікке дейін қамау түрінде әкімшілік жаза қолданылуы мүмкін.

Сұхбат

PhotoRoom