Ақмола облысында 720 жаңа жұмыс орны ашылды

Аймақ
11.02.2015, 10:22

Ақмола облысы 2014 жылды әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша жақсы көрсеткіштермен аяқтап отыр. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы хабарлады.

Алдын ала есеп бойынша облыста 2014 жылы бірінші рет жалпы өңірлік өнім көлемі 1 триллион теңгеге жетті. Өнеркәсіптегі жеке индекс көлемі 105,6 пайыз немесе 295 миллиард теңгені құрады. Индустрияландыру картасы шеңберінде 2014 жылы жалпы құны 17 миллиард теңгеден астам қаржыға 10 инвестициялық жобасы жүзеге асырылып, 720 жаңа жұмыс орны ашылды. Облыста белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің де ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткішті өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда  0,6 пайызға артқаны байқалады

«Бизнестің жол картасы - 2020» мембағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау бағытында 11 миллиард теңгеден аста 98 жоба қолдау тапты. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,2 пайызға ұлғайып отыр.  2014 жылдың қоңыр күзінде 4,5 миллион тонна астық жиналды. Майлы дақылдар, дәнді-бұршақ дақылдары, картоп және көкөніс алымы да артқаны байқалады. Мал шаруашылығы саласында мал басының 104,2 пайызға, азық-түліктің 103,8 пайызға көбейген. Халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту мақсатында қолға алынған «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде 25 ауылда және екі қалада су құбыры желілерінің құрылысын жүргізу, қайта қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары бойынша 15 жоба жүзеге асырылды.

Сондай-ақ, 268 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1 мың отбасы баспаналы болды. 66,1 шақырым жол жөнделді.

Денсаулық сақтау саласын дамытудағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша 2014 жылдың қорытындысында  медициналық-демографиялық көрсеткіштердің негізгі динамикасында да оң өзгерістер бар. 2013 жылмен салыстырғанда жалпы өлім-жітім 6 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруынан өлу 20 пайызға, туберкулез ауруы 10,5 пайызға, нәресте өлімі 33 пайызға азайған. Ал ана өлімі 5,9 пайызға кеміген. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі төмендеген. 2014 жылы 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылса, оның ішінде 6,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы жүзеге асыруға 3,3 мың адам, яғни жұмыссыздар, өзін-өзі еңбекпен қамтығандар және аз қамтылған халық тартылды.

 

Сұхбат

PhotoRoom