ОҚО-да 405 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылды

Аймақ
20.02.2015, 10:13

Тұрғындар алдындағы есепті кездесуде өңір басшысы А.Мырзахметов өткен жылы облыста 25 ауызсу нысаны пайдалануға берілгенін айтып, аймақтағы құбыр суымен қамтылған 667 елді мекендегі 2,3 млн. тұрғынның сапалы ауызсумен қамтылғанын жеткізді.

Былтыр 55 газбен жабдықтау нысанының құрылысы басталып, 61 елді мекендегі 208 мың тұрғын «көгілдір отынға» қол жеткізген. Жыл қорытындысымен газ жүргізілген елді мекен саны 315-ке жеткен. Тұрғын үй құрылысына 26,1 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 58,6 пайызға артқан. 405 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 267 шақырым жол мен апатты жағдайдағы 16 көпірде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, Шымкент- Сарыағаш арасында автожолдың құрылысы басталған.

Сұхбат

PhotoRoom