Оңтүстіктің жастары Қарағандыға 10 тонна керек-жарақ жіберді

Аймақ
24.04.2015, 21:59

Оңтүстік Қазақстан облыстық жастар орталығының ұйытқы болуымен Қарағанды облысындағы су тасқынынан зардап шеккендер үшін арнайы жиналған он тоннаға жуық гуманитарлық көмек жолға шықты. Облыстық жастар орталығының директоры Ерлан Айтбаевтың айтуынша өңір тұрғындары аз уақыт аралығында ерекше белсенділік танытқан. Көмек көрсетуге асыққан оңтүстікқазақстандықтар тұрмысқа қажетті заттарды молынан алып келген. Белсенді азаматтардың айтуынша жұртшылықтан жиналған заттар қажеттілігіне қарай рет-ретімен буылып, алыс жолға тиянақты дайындалған. Облыста жыл сайын 800 мың тонна көкеніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 80 мың тонна жеміс-жидек, 57 мың тонна жүзім өндірілуде. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан 6 есеге, жеміс жидектен, жүзімнен 3 есеге артық. Ағымдағы жылдың жарты жылдығында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу келемі 64,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7% артты. «Облыс халқының қажеттілігінен артық өнімдер республикамыздың солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар, алыс-жақын шетелдерге экспортқа шығарылуда. Жалпы салмағы 300 тоннадан астам өнім Қарағанды жәрмеңкесінде жәрмеңкесінде сатылады. Кәсіпкер Нұрлан Құралов өз алқабынан 25 тонна жүзім жинапты. Табиғаттың жомарттығына тәнті болған дихан маңдай терімен өсірген өнімін көрші елдің халқына ұсынуға асығып отыр. Бәрінен бұрын жергілікті жемістің Қарағандылықтардың көңілінен шығатынына сенімді. Осылайша Әл Фараби алаңынан жеміс-жидек тиелген алып жүк көліктері Қарағандыға аттанып кетті. Ал билік басындағылар бұл қадам сауда-саттықтағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашады деп отыр. Шымкент қаласы Әл-Фараби алаңынан жолға шыққан керуен алдағы күндері Қарағанды облысына жетеді деп күтілуде.

Сұхбат

PhotoRoom