Жасылдандыруға мән беріліп отыр

Аймақ
24.04.2015, 23:17

Шымкент ― сәулетті қала. Тарихқа тұнып тұр. Астана, Алматыдан кейінгі Қазақстанның үшінші қаласы. Халқының саны бір миллионға жетерлік қаланың көркі бүгінгісінен де көркем болады. Елбасы Н. Ә.Назарбаев Шымкентке келген жұмыс сапарының бірінде осылай деген еді. 2015 жылға дейін 600 мың тұрғын¬ды қамтуы тиіс 2004 жылғы бас жоспар өз міндетін атқара алған жоқ. Өйткені белгі¬ленген межедегі халықтың саны ойдағыдан асып түсті. Осы ретте Шымкенттің бас жоспарына көптеген өзгерістер енгізіліп, 2012 жылы жаңа бас жоспар бекітілді. Айта кетейін, бұрынғы бас жоспар 40 мың гектар аумақты құраса, жаңа жоба бойынша қаланың шекарасы 117 мың гектарға ұлғайды. Яғни, қалаға іргелес жат¬қан Сайрам, Ордабасы, Төлеби аудандарының 40 елді мекені қала құрамына қосылды. Бас жоспар бойынша 2015 жылы қа¬ла халқы 1 млн тұрғынмен қамтылса, ек¬ін¬ші кезеңде 2025 жылы 1 млн 200 мың адам¬ды құрайды деп болжанған. Демек, елі¬мізде ірі мегаполистердің бірі деуге тұрар¬лық Шымкентті осы бағытта дамыту басты мәселе болып табылады.

Шымкентті көріктендіру жұмысымен айналысатын мамандарымыз жасыл аймаққа егілген 2,5 мың гектар алқаптағы тал-дарақтар биыл шөлдемейді деп уәде беріп отыр

Бұған дейін жас ағаштар шайынды су мен екі жерасы ұңғымасынан суғарылған. Өткен жылдың қазан айында қала бюджетінен қомақты қаражат бөлініп, қосымша су көздері қазылды.160 млн теңгеге мердігерлер бүгінгі таңда төрт ұңғыма қазып, сыйымдылығы 600 текше метрлік төрт су қоймасын салып жатыр. Мамандар нысанды мамыр айында пайдалануға тапсырамыз дейді. Алғашқы ұңғымадан су 120 метрден шықса, кейінгі үшеуін қазу оңай болмаған. Тереңдік 200 метрге жеткенде ғана су шығыпты.Алқаптағы 300 мыңнан астам талдың түбін қопсыту жұмыстары өткен жылы наурыз айында басталып, сәуірде аяқталған екен. «ЛТД тұрмыс» мекемесінің 5 техникасы жұмыс жасаған. Нәтижесінде, мамандар көшеттердің 70-80 пайызы жерсінгенін айтады.

Сұхбат

PhotoRoom