Мектептер жанынан жылыжайлар ашылуда

Аймақ
24.04.2015, 23:20

Оңтүстік Қазақстан облысында 1022 орта мектеп бар. Облыс әкімі А.Мырзахметовтың бастамасымен өңірдегі жалпы білім беретін мектептер жанынан шағын жылыжайлар салынуда. Үстіміздегі жылдың 6 айында Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 74,5 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 103,6 % жетті. Егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20,0 мың га. артып, 794,0 мың га. жетті. Мал азығы дақылдарының көлемі де едәуір артып отыр. Атап айтқанда, жоңышқа 15,0 мың га., жүгері 11,0 мың га., арпа 17,0 мың га., барлығы 43,0 мың га. артты, тиісінше мақтаның егіс көлемі 11,2 мың га. кеміп, 128,9 мың га. құрады. Суармалы жердің көлемін ұлғайту бағытында қосымша 50,0 мың га. іске қосылды. Терең қопсыту технологиясы 46,0 мың га. ендіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есеге артты. Мақта дақылынан орташа өнімділік облыста 27-28 ц/га. болса, терең қопсыту технологиясын қолданған шаруашылықтарда 40-45 ц/га дейін өнім алынбақ. Тамшылатып суғару әдісі қосымша 5,3 мың га. ендіріліп, жалпы көлемі 32,0 мың га. жетті. Республикалық үлесі – 83 %. Жылыжайлар қосымша 78,5 га. салынып, жалпы 798,5 га. жетті. Осы жылыжайлар есебінен бүгінгі күнге 100 мың тн. астам көкөніс өнімі өндірілді. Республикалық үлесі - 87%. Облыста жеміс-көкөніс сақтау қоймаларының жалпы сиымдылығы 200 мың тоннаға жетіп, республикадағы 1/5 бөлігін құрап отыр. Бұл облыс тұрғындарын маусым аралық кезеңде жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге және артылған өнімдерді сақтап, тиімді бағада сатуға мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінге дейін 449 орта білім беретін мектеп жанында шағын жылыжай жұмыс жасайды. Биыл 56 мектеп жанынан жалпы көлемі 168 соттық жылыжай салынбақ. Атап айтсақ, Арыста – 5, Төлебиде – 10, Шардарада – 2, Мақтаралда – 17, Кентауда – 6, Шымкентте – 16. Өткен жылы мектеп жанындағы жылыжайлардан 55 тоннадан астам көкөніс жиналды. Алынған өнімдердің басым бөлігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға асханаларда берілетін ыстық тамаққа дәрумен ретінде пайдаланылды. Мектеп жанынан жылыжай құрудың басты мақсаты – оқу-тәжірибелік учаскесі ретінде пайдаланып, биология, табиғаттану, еңбек пәндерінде практикалық сабақтар өткізу, сондай-ақ оқушыларға қазіргі нарықтық заманда ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің тиімді жолдарын меңгерту.

Сұхбат

PhotoRoom