ОҚО-да жаңа мектеп ашылды

Аймақ
24.04.2015, 23:29

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы Қарой елді мекенінде А.Рудаки атындағы 200 орындық жалпы орта мектеп ашылды. ОҚО Мақтарал аудандағы білім саласында жаңа инновациялық технологияларды енгізу арқылы тың өзгерістерге келетін болсақ, аудан бойынша мектептер 100 пайыз компьютерлендірілген. Мектептерде барлығы 6423 компьютер бар, оның ішінде 5696-сы ауыл мектептерінде. Бір компьютерге аудан бойынша 10,4 оқушыдан келеді. 14 мектеп онлайн сабақтар мен семинарларға қатысуға мүмкіндігі бар, олардың әр қайсысында 5 интерактивті тақтадан орнатылған. Интерактивті сабақты өткізу немесе қатысу үшін «Elluminate Live» программалық қамсыздандыру қажет етеді. «Elluminate Live» бағдарламаны пайдалану үшін мектептер ЖШС «Interactiv Kazakhstanмен» 1 жылға келісім шарт түзді. 78 мектепте мультимедиялық лингафон кабинеттері бар және бір-бірден интерактивті тақта орнатылған. 122 мектеп 100% кең жолақты интернет желісіне қосылған. Нысан құрылысына республикалық және облыстық бюджеттен 470 млн. қаржы бөлінген. Мектептің ашылуына аудан әкімі С.Тұрбеков қатысып, оқушыларға білім жолында сәттілік тіледі. 318 оқушы білім алатын оқу орны лингафон және компьютер кабинеттерімен жабдықталған әрі мұнда интерактивті тақта орнатылған. Сондай-ақ, спорт залы мен кітапхана және асхана заман талабына сай қажетті заттармен қамтылған. Апатты жағдайда тұрған білім ордасының құрылысы өткен жылдың мамырында басталып, мерзімінен бұрын ел игілігіне тапсырылды.

Сұхбат

PhotoRoom