Шымкентте дәрігерлер конгресі өтті

Аймақ
24.04.2015, 23:32

Шымкентте Қазақстанның жетекші дәрігерлерінің екінші республикалық конгресі өткізілді.

Конгресті Қазақстан фармацевтикалық нарығының көшбасшысы – Santo Mamber of Polpharma Group сауда белгісімен қызмет жасайтын «Химфарм» АҚ ұйымдастырп отыр. Жиынға Қазақстан, Польша, Ресей және Украинаның денсаулық сақтау саласындағы мамандарымен қоса ғалымдар, дәрігерлер қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 500-ден асады. Конгресте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын ары қарай дамыту, қазіргі заманғы медицинаның түрлі саласындағы диагностика мен емдеудің жаңа әдістері талқыға салынады. Оған тағам және тоқыма өнеркәсібі, құрылыс индустриясы мен фармацевтика саласында жемісті еңбек етіп жатқан 100-ден астам кәсіпорын қатысты. Мақсат – жергілікті кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасып, отандық өнімдердің нарықтағы өтімін жақсарту. Мұнда тек қана кәсіпкерлер емес, мемлекеттік мекемелердің өкілдері де қатысып, сапалы қазақстандық тауарлардың түрлері мен бағалары жөнінде кеңінен мәлімет алды. Қазір шетелден тасымалданып жатқан өнімдер Оңтүстік Қазақстанның өзінде шығарылады. Алайда олар туралы ақпарат әлі де мардымды таратылмағандықтан, қуаттылығын арттыра алмай отыр. Осы тұрғыда, «Бірінші конгресс өткен жылы Алматыда өткен болатын. Онда 350-ден аса маман қатысқан еді. Ал биыл конгресті Шымкентте өткізу туралы шешім қабылдаған. Өйткені дәл осы қалада біздің бірегей өндірісіміз орналасқан», — дейді Santo компаниясының бас директоры Петр Милднер. Сондай-ақ, конгрес аясында ұйымдастырушы компания арнайы көрме ұйымдастырды. Онда компания өз өнімдерін ұсынған.

Сұхбат

PhotoRoom