ОҚО әкімі дауыс берді

Аймақ
26.04.2015, 16:46

Елімізде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта сайланатыны күмәнсіз. Қазақстанда жексенбі күні кезектен тыс президенттік сайлау болып өтті. Бұл үдеріс іс басындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігі бітуге 1 жыл қалғанда болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, дауыс берушілер саны өте жоғары болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа басқа үш кандидат қарсы тұрды. Жалпы, әуел баста 20-дан астам адам өздерінің президенттікке таласатындықтарын байқатты. Ақыр соңында президенттікке 4 кандидат таласты. Сөйтіп, сайлауалды науқан толыққанды жүрді деуге негіз қалыптасты. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өзі тарапынан сайлауға 300 байқаушыны қосты. Сайлауалды есебінде ұйым Қазақстандағы сайлау қай жағынан қарағанда да ашықтық, әділеттілік тұрғысынан ерекшеленетінін атап көрсетті. Сайлау кезінде аталған байқаушылар атап көрсетерліктей деңгейде заң бұзушылықтар болмағанын атап көрсетті.

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов алғашқы сайлаушылар қатарында Шымкент қаласындағы № 95 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді. Бұл туралы ОҚО әкімінің ресми сайтынан хабарланады. Өз таңдауын жасаған өңір басшысы: «Бүгін еліміздегі тағы бір тарихи оқиғаға куә болып отырмыз. Облыс тұрғындары ел азаматтарымен бірге өз таңдауын жасап жатыр. Оңтүстікқазақстандықтар бұрын өткен сайлауларда белсенділік танытқан, бүгін де жоғары деңгейде қатысады деп ойлаймын», - деді. № 95 сайлау учаскесінің төрағасы Беркінбай Шуланбековтың айтуынша, мұнда 1727 адам дауыс беруге құқылы. Тіркелген азаматтардың дауыс беруі қарқынды жүріп жатыр.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстанда 1029 сайлау учаскесі болса, оның 222-сі Шымкент қаласында орналасқан. Оңтүстік Қазақстанда дауыс беруге құқылы 1 миллион 255 мыңнан астам адам бар.

Сұхбат

PhotoRoom