Кентауда 60 тұрғынға пәтер кілті тапсырылды

Аймақ
27.05.2015, 18:05

Елбасы өзінің биылғы Жолдауында барлық салалардың дамуына стратегиялық көзқараспен қарау қажеттігін атап өтті. Демек, нақты және тұжырымды даму қырлары еліміздің алға қойған мақсаттарынан ауытқымай, халқымыздың күнделікті сұрақтарын шешуге мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылуы қажет. Осы ретте халық тұрмысын жақсартудың бас¬ты бағыттарының бірі – баспана мәселесін шешу болып табылатыны сөзсіз. Елбасы тапсырмасын орындау үшін әзірленген «Қолжетімді тұрғын үй -2020» бағдарламасы нақ осы мақсатқа қызмет ететіндігі айқын. Осы тұрғыда, бүгін Кентау қаласында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында тұрғындарға 60 пәтердің кілті тапсырылды, іс шараға облыс әкімінің орынбасары Е.Айтаханов қатысып, жүрекжарды құтықтауын жеткізді. Кентау қаласында жалпы ауданы 4000,0 шаршы метрді құрайтын бес қабатты 60 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылыс нысанының, монтаждау жұмыстары жүргізілді. Аталған нысанның құрылысын «Ақ Жол» ЖШС атқарды.

«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында жүргізілген тұрғын үй бойынша 2014-2015 жылдар аралығында бөлінген қаржысы 387 млн 225 мың тг толығымен игеріліп, жоспар 100 пайызға орындалды. Тұрғындарға берілген 60 пәтердің 10-ы бір бөлмелі, 20-сы екі бөлмелі, 30-ы үш бөлмелі. Жаңа баспананың иелері әлеуметтік жағдайындағы осал топтарға жататындар, бюджеттік мекемеде қызмет ететіндер, ҰОС ардагерлері.

Берілген 60 пәтердің наурыз айында мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісі әзірленіп, Кентау қалалық Әділет басқармасына нысанды тіркеу мақсатында қажетті құжаттары тапсырылып, биылғы жылдың наурызында тіркелген құжаттарды алып, қалалық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне Кентау қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде нысан қажетті толық құжаттарымен тапсырылды.

Сұхбат

PhotoRoom