Аудан әкімі мен басқарма басшысы тағайындалды

Аймақ
01.06.2015, 10:24

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша,  облыс  әкімінің өкімімен Жамантай Қанайұлы Бейсенбаев Мақтарал ауданының әкімі болып тағайындалды. Аудан активіне аймақтың жаңа басшысын облыс әкімі А.Мырзахметов таныстырды. Ж.Бейсенбаев 1958 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, заңгер. Еңбек жолын 1982 жылы Алматы облысы Қаскелен ауданы «Пригородный» кеңшарының аға агрономынан бастаған. 1982-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының Жетісай аудандық комитетінің хатшысы, Жетісай аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, «Красная звезда» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Халық депутаттары Жетісай аудандық Кеңесі ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Жетісай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Мақтарал ауданы ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған. 2011 жылдың шілде айынан бастап Мақтарал ауданы Жетісай қаласының әкімі болып еңбек етіп келген. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Серік Ордабекұлы Тұрбеков облыстық жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. С.Тұрбеков 1956 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ғалым агроном, ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1980 жылы Шымкент қаласы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің лаборанты болып бастаған. 1981-1999 жылдары Шымкент қаласы «Қаракөл» ғылыми өндірістік бірлестігінің кіші ғылыми қызметкері, К.А.Тимирязев атындағы Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденді Мәскеу ауылшаруашылық академиясының аспиранты, Сарыағаш ауданы Красноводопад мемлекеттік селекциялық станциясының аға ғылыми қызметкері, «Шымкент» ғылыми өндірістік бірлестігінің аға ғылыми қызметкері, бас директорының орынбасары, бас директорының бірінші орынбасары, бас директоры, Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының директоры, тұқым шаруашылығы бойынша тәжірибелік шаруашылықтың директоры, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен. 1999-2010 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының, аумақтық инспекциясының бастығы, «Оңтүстік» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2010 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының әкімі болып еңбек етіп келген.

Сұхбат

PhotoRoom