«Біз соққан достық үйі» мультфилімінің тұсауы кесілді

Аймақ
01.06.2015, 12:40

Бүгін 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының тапсырысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып түсірілген «Біз соққан достық үйі» тақырыбында 3 D форматта аннимациялық мультфильмнің тұсау кесері БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының бастамасымен түсірілген бұл анимациялық мультфильм балаларды Отанды сүюге, бірлікке, мемлекеттік тілдің насихатталуы, адамгершілік пен бауырмалдыққа үйретуге, халықтар арасында ынтымақтастық пен достық байланыстарын нығайта түсуге шақырады.

Анимациялық мультфильмде бiрлiк пен татулықты ту еткен түрлi ұлт өкiлдерi Қазақстандағы ұлттар бiрлiгi мен ынтымақтастығын көрсетіп, жастар арасындағы достық қарым-қатынасты, жастардың елiне, жерiне, Отанына деген сүйіспеншілігін балалардың соққан ортақ «достық үйі» арқылы білдіреді. «Достық үйін» салуда кейіпкер ретінде: қазақ қызы Айсұлу мен орыс қызы Марина, неміс баласы Герман, түрік қызы Ләйлә, украин баласы Микола мен тағы басқа ұлт өкілдері ойнайды.

Анимациялық мультфильмде тек халықтар бірлігі мен достығын ғана емес, сонымен қатар, өзге ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, музыкалық аспапатарын да қамтиды. Анимациялық мультфильмді жарыққа шығарған «Жебе» кинокомпаниясы. Сценарий авторы және қойылымы Керімбек Арыстанұлы Ниязбаевтікі. Мульфильмдегі өлеңге сөзін жазған Сарсенкүл Айтова, композиторы Дмитрий Андронов, қоюшы суретші Сәбит Серімбетов. Отансүйгіштікті ұран еткен қысқаметражды анимациялық мультфильмнің өскелең жас ұрпаққа айтар ойы, берер тәлімі мен тәрбиесі өте зор. Өскелең ұрпақты ынтымақтастық пен татулыққа жетелейтін ұзақтығы 10 минуттық анимациялық мультфильм кішкентай көрермендердің көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Алдағы уақытта мультфильм жергілікті телеарналардан көрсетілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom