Шымкентте балалар темір жолы ашылды

Аймақ
01.06.2015, 17:06

Шымкентте «Балаларды қорғау күніне» орай қала орталығындағы Қажымұқан стансасында Дендросаябақ аумағына дейін жүретін «Тұлпар» балалар темір жолы локомотивінің ашылу салтанаты өтті. Балалар Темір жолы 1979 жолы сол кездегі облыс басшысы Асанбай Асқаровтың тікелей басқаруымен салынған. Жол ұзындығы – 8 шақырымға жуық. Бір нүктеден екінші нүктеге жету, шынайы темір жол нысандарына ұқсас болу жағынан бұл темір жолға тең келер объекті Қазақстанда жоқ. Балалар темір жолының локомотиві соңғы рет сәбилерді 2011 жылы сайраңдатқан. Биыл балалар темір жолын қайта жаңғырту мәселесінде тағы бір ұмтылыс болып отыр. Әрине, бүгінгі күн балалар темір жолының жолағы составтың жүруіне жарамды, ал локомотив пен вагондар сәбилер тасымалына қабілетті болғанымен, алдағы уақытта семафорларды жаңғырту, жолдың екі жағындағы қорған зонасын тазарту, рельстер мен шпалдарды түгелімен тексеруден өткізіп, жарамсыздарын ауыстыру, жетпей тұрған нысандарды салу сияқты үлкен жұмыстар бар. Бүгінгі күн балалар темір жолын қалыпқа келтіріп, пайдалануға беру мәселесімен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС айналысуда. Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін ұлттық құндылықтарды назарға алғанымыз жөн.

Сұхбат

PhotoRoom