Оңтүстікте ауыл шаруашылығы қарқынды дамуда

Аймақ
02.06.2015, 14:28

Бүгін «Оңтүстік ақпарат» баспасөз орталығында Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Қ.Оспанбеков мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы туралы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз маслихатын өткізді. Басқарма басшысының айтуынша, Облыстық ауыл шаруашылық саласы «Агробизнес-2020», Ірі қара мал экспортының әлуетін арттыру бағдарламалары  облыста қабылданған іс-шаралар аясында жүзеге асырылуда екен. Егін шаруашылығында былтырғы жылмен салыстырғанда, бүгінгі күні 78,0 мың га ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Нәтижесінде, дәнді дақылдар көлемі артып, майлы дақылдар көлемі кеміп отыр.

Мақтарал ауданының егістігін әртараптандыру бойынша, мақта дақылының егіс көлемі 28,0 мың га қысқартылып, орнына тиімділігі жоғары жоңышқа, көкөніс, бақша, жүгері, жеміс жидек пен жүзім екпелері алмастырылды. Алдағы уақытта,бау шаруашылығынан алынатын өнім 5 есеге артып, 400,0 мың тоннаны құрайды жеген болжам бар. Суармалы жерлердің көлемін ұлғайту іс-шарасының нәтижесінде, биыл суармалы жердің көлемі 62,0 мың га ұлғайды. Жылыжайлар мен тамшылатып суғару әдісі бойынша, енгізілген алқаптан 40,0 мың га жеткізіліп, жыл соңына дейін 170,0 мың тн өнім алу жоспарлануда. Мал шаруашылығың барлық санаттары бойынша, Ірі қара малдың саны 987 мың , қой мен ешкі 4850,3 мың, жылқы 239,1 мың, түйе 24,4 мың, құс 2281,1 мың басты құрады. Мал шаруашылық өнімдері былтырғы жылмен салыстырғанда 90 млн дана өндірілді. Жалпы бағдарлама аясында, жаңадан 4482 адамға тұрақта жұмыс орындары ашылып, бүгінгі күнге дейін 1032 жоба іске асырылып отыр. Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға 18,1 млрд.тг несие қаржыларын тарту жоспарланды. Оның ішінде, алдағы уақытта жалпы құны 10,1 млрд.тг 8 жоба іске асырылады.

Сұхбат

PhotoRoom