Бір мемлекет, бір отбасы шаңырағының астында

Аймақ
22.06.2015, 09:59

Қызылорда облысында өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Шыққан тегі әркелкі болғанымен, тұрғын халық ұлт ретінде тұтасқан, мемлекеттік тілді еркін біледі. Әр салада қызмет етіп жүрген өзге этнос өкілдері мемлекетқұраушы ұлтпен бір шаңырақ астында тату тәтті өмір сүріп жатыр. Тіпті бір отбасының шаңырағын көтергендер де бар. Ең бастысы олар өздерін нағыз қазақстандық екенін жанымен сезінеді.

Светлана

«Мен украин қызымын. Ата-анам Украинадан Қазақстанға  тың игеру кезінде көшіп келген. Ата-анам, мен, бауырларым, баршамыз өзімізді нағыз қазақстандықбыз деп сезінеміз», - дейді, жаңақорғандық кәсіпкер, «Сығанақ» этнобағыт қоғамдық бірлестігінің мүшесі Светлана Нещерет.

Қазақ жігітімен отбасын құрып, 5 бала өсіріп отырған бақытты ана осы қоғамдық бірлестіктің белсенді мүшесі ретінде Жаңақорған ауданының тұрғындарына «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттаудан  жалықпайды. Ол этнобағыттағы қоғамдық бірлестіктердің басқа да аудандарда құрылып, ынтымақ пен бірлікті нығайтуға жұмыс жасағанын қалайды.

Сұхбат

PhotoRoom