Қоғамдық келісім кеңестері - алтын көпір

Аймақ
23.06.2015, 11:52

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қай мінберден сөйлесе де бірлік пен татулықты, қоғамдық келісімді сөз етпей қоймайды. Өйткені, біз – ауызбіршілікті бәрінен жоғары қойған елміз.

Оспанов

Соның арқасында ғасырға  жуық уақыттың жұмыстарын айналдырған ширек ғасырға жуық мерзім ішінде жасап, әлемге өз биіктігімізді көрсеттік, – дейді Арал аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұралы Оспанов.

Н. Оспановтың айтуы бойынша, бүгінгі күні Елбасының сарабдал саясатымен республиканың барлық елді мекендерінде құрылған қоғамдық келісім кеңестері халық пен биліктің арасын байланыстыратын, этносаралық ахуалды нығайтатын алтын көпірге айналып отыр. Арал ауданында құрылған қоғамдық келісім кеңесі қоғамдағы олқылықтардың азаюына, әлеуметтік проблемалардың реттелуіне, билік халықпен тығыз араласып, елдің тыныс-тіршілігін көре білуіне жұмыс жасауда. Жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіріп, олардың бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту, жақсылыққа, ізгі істерге баулуға да қоғамдық келісім кеңесінің қосар үлесі мол.

 

Сұхбат

PhotoRoom