Тасмағамбетов Ресейге барды

Жаңалықтар
01.07.2015, 09:39

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында ШЫҰ мүше мемлекеттері қорғаныс министрлерінің кеңесі өтті. Оған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов ШЫҰ қатысушы елдер арасындағы өзара іс-қимыл деңгейі қанағаттанарлық деп атап өтті. «Біз оны нығайту мен дамытуға, ШЫҰ мәнісін арттыруға ниеттіміз. Осыған байланысты, Астанада 2016 жылдың мамырында келесі кеңесті өткізу туралы қазақстандық бастаманың қолдауына үміттенеміз».

10

Қорғаныс министрлері кеңесінің қорытындысы бойынша делегация басшыларымен ұсынылған құжаттарға қол қойылды және бекітілді.

Бұл күні қазақстандық делегацияның ҚХР қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюанмен екіжақты кездесуі өтті. Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастықты нығайту және кеңейту Қазақстанның басты стратегиялық басымдықтарының бірі болып табылатынын айта кеткен жөн.

Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастарының тарихи тамыры тереңде жатыр.  Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық сүбелі фактор болып табылады Бұл ұйым Азиядағы қауіпсіздіктің жалпы және бөлінбейтін кеңістігін құруға бағытталған. Бұдан өзге, жүйелі түрде «Бейбіт миссия» әскери лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуды өткізуді қоса есептегенде әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

«2014 жылғы қытай тарапымен ұйымдастырылған оқу-жаттығу жоғары деңгейді және аталған оқу-жаттығудың сәтті өткізілуін көрсетті. Онда біздің бөлімшелер күрделі жағдайда әртүрлі тапсырмаларды бірлесіп орындау элементтерін пысықтады. Сонымен қатар ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында біздің мемлекеттеріміздің аумағында алғашқы екіжақты роталық-тактикалық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуды өткізу қауіпсіздік қатерлеріне бірлесіп ден қою кезінде бөлімшелеріміздің өзара іс-қимыл және машық деңгейін арттырады. Одан өзге, осы жылдың маусымында Қазақстанның аумағында өткен танк биатлоны бойынша әлем чемпионатына танкті экипаждардың бірлескен дайындығы да маңызды болып табылады» - деді ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сөз соңында.

Сұхбат

PhotoRoom