"Назарбаевпен ең негізгілер жайлы..." сұхбаты (видео)

Сұхбат
02.07.2015, 09:44

https://www.youtube.com/watch?v=oSZbwQkb5t4

2015 жылғы сайлау біздің тұтас ұлт болып қалыптасқанымызды көрсетті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» арнасындағы «Назарбаевпен ең негізгілер жайлы...» атты деректі сұхбатында осылай мәлім етті. 

«Халық өзіне не ұсынылып отырғанын жақсы түсінеді, сондықтан да мен жариялаған бағдарламаны қолдап отыр. Соңғы сайлауға бірауыздан қатысуы да соның айғағы», - дей келе Елбасы бұл сайлауға қатысты барша жұртшылыққа ризашылығын білдірді.

«Ешқандай бұзушылық бұл сайлауда болған жоқ, АҚШ-тан бастап бәрі мұны атап өтті. АҚШ алғаш рет сайлау үшін халықтың кезекке тұрғанын мойындаған шығар», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы соңғы сайлаудың еліміз үшін маңызды болғанын атап өтті.

«Саясаттанушылар түсінген шығар, мен өзім алғаш рет бізде ұлттың қалыптасқанын сездім. Қандай дінге, этносқа жататынына қарамастан халық бір адамға дауыс берді. Бәрі тең болды. Біз осы саясатты жалғастыруға тиіспіз. Осыны бәрі, қазақ та, украин, орыс та түсінуі шарт: біз осындай бірліктің арқасында ғана біртекті ұлт бола аламыз. Қазақша айтқанда, біз ұлт бола бастағанымызды осы сайлауда көрсеттік. Осы бағытта алға жылжысақ, бұл - керемет мәселе», - деді Н. Назарбаев.

Әңгіме барысында журналист Ерлан Бекхожин елдегі реформалар аясында президенттік белгілі бір өкілеттіктерді Үкімет пен Парламентке беру мәселесінің кеңінен талқыланып жатқанына назар аудартты. «Бұнда қандай нақты шаралар қамтылмақ?» деп сұрады ол. Өз кезегінде Мемлекет басшысы бұл реформалардың бірсәттік мәселе емес екенін атап өтті.

«Мен не айтылып жатқанын да білемін. Бізде күшті президенттік билік деушілер көп. Алайда, біздің осындай күшті президенттік вертикаль билігіміз біреуді қысымға ұшыратып, халықты басып жатқан жоқ қой. Керісінше, біздің бағдарламалар жылжуы үшін, реформаларды ілгерілету үшін мемлекеттік аппараттың халыққа қызмет етуіне жұмыс істеп жатыр. Бұл үшін де жоғарыдан төмен, төменнен жоғары қатты тәртіп қажет», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы осы жылдар ішінде бұндай күшті биліктің қажет болғанын айтты. «Қазақстанда біреу Украинадағы секілді болғанын қалай ма екен? Әйтпесе Грузиядағыдай, Молдавиядағыдай болғанын қалайтындар бар ма? Айтыңызшы? Міне, мәселе осында, ал ол елдердің бәрінде парламенттік билік. Мен бұны ұдайы айтып жүрмін: біз әлі америкалық тәсілге келеміз, оның өз уақыты жетуі керек. Яғни, бұл үшін уақыт керек. Осыны тыңдағысы келмейтіндер тыңдамайды да. Ал қандай уақыт керек? Бұл үшін орта буындағылар шығаратын өнім Қазақстанның өнімінің жартысынан да жоғары болуы қажет. Орта буын  мемлекеттегі тұрақтылықты ең мықты қолдайтын топ.  Ал әзірше бұл бізде жоқ. Қазір еркіне жіберіп көрейікші?! Біз бұны бұрнағы жылдары көргенбіз, әркім өзіне қарай тартады, ақыр аяғында ештеңе шешілмейді»,- деп түсіндірді Елбасы.

 

Сұхбат

PhotoRoom