Түркістанда сауда-логистикалық орталық салынады

Аймақ
05.08.2015, 11:26

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістан шаһарында сауда-логистикалық орталық салынбақ. Бұл жөнінде «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте қала әкімі  Ә.Өсербаев мәлім етті.

Оның хабарлауынша сауда-логистикалық орталығын салуға 20 га жер телімі бөлініп, жобалық-сметалық құжаттары дайындалған. Аталған жобаға  инвистиция тартылды, биылғы жылы құрылысы басталмақ, - деді қала басшысы.

Негізінен аграрлы аймақ болып саналатын Түркістанның өнеркәсіп саласында да тың жобалар аз емес. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының аясында 1630,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске қосылып, 441 жұмыс орны ашылды.

Бұдан бөлек, қасиетті өңірде индустриялды аймақ ашылып, онда жаңа өндіріс орындары өз жұмысын бастаған.Нәтижесінде аймақта жалпы құны 7 млрд. 663 млн. теңгені құрайтын 9 жобаны орналастыру мақұлданып,бес жүзден астам жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Тегтер:
ОҚО Түркістан

Сұхбат

PhotoRoom