Е. Саиров: "Ұлттық комплекстен аулақ болайық!"

Рейтинг
11.08.2015, 17:07

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

 - Әлеуметтік желілерде:"Мен қазақ!", "Қазақ деген ұлының ұлысы" деген кеуде соғатын жазбалар көп кезігеді. Мақтанатындай біз не істеп қойдық? Тәуелсіздікке 25-жыл болды, бір әлемге әйгілі әдеби туынды шығардық па? Әлемдік деңгейде бизнес-идея ойлап таптық па?Экономика саласында бір тосын жаңалық аштық па? Несіне мақтана береміз?25 жылдың ішінде мұнаймен күнелтіп келе жатқанымыз.Тоғышарлық деген осы болады! Өсер ұлт өзіне сыни көзбен қарай отырып, басқаға қарап үйренеді. Ал біз, өзіміз жетіспей тұрып, басқаларды сынауға дайынбыз. Мұндайды ұлттық комплекс деп атайды. Осыдан аулақ болу керек, егер болашақ туралы ойлағымыз келсе....

Сұхбат

PhotoRoom