Еуропа экономикасы жайлы жаңа еңбек

Рейтинг
09.09.2015, 10:37

«Германия: Самоликвидация» атты кітаптың авторы – неміс саясаткері өзінің жаңа еңбегін Ангела Меркельдің «Егер еуро құласа, Еуропа құлайды» деген тәмсілін жоққа шығаруға арнады.

Ол Германия экономикасының қандай құралдар мен әдіс-тәсілдердің көмегімен сауықтырылғаны жайлы баяндайды. Сонымен қатар осы принциптердің Оңтүстік Еуропа елдерінде жүзеге аспайтындығына тоқталған. Оның пайымдауынша, Еуропа түсінігі еуродан әлдеқайда үлкен, Еуропалық Одаққа қарағанда әлдеқайда әркелкі. Автор француздардың «күшті валютамен күнелту» тәртібін, ирландтықтардың реформаларын ерекше атап, жоғары баға береді. Саррацин жаңа кітабында әртүрлі ұлттық демократиялар - Еуропаның болашағы дей келе, «Еуропалық федералды мемлекеттің» табысты боларына сенім білдіреді.

Айта кетейік, аталған кітап орыс тілінде 2 мың данамен  Мәскеуде басылды.

Сұхбат

PhotoRoom