Қызылордада 2 айлық сенбілік басталды

Аймақ
12.09.2015, 11:36

Бүгін Қызылорда облысындағы барлық мекеме сенбілікке шықты. Айта кетейік, облыс әкімінің өкімімен санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру екі айлығы жарияланды. Мерзімі 10 қыркүйек пен 10 қарашасы аралығы деп бекітілді.

Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, мәслихат депутаттары, облыстағы барлық мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер және ірі кәсіпкерлік нысандарының басшылары өз көшелерінің санитарлық тазалығына жауапты ретінде бекітілді. Олар өз аумақтарында мекемелердің сенбілікке уақытылы шығуын қадағалап, тазалыққа жауапты болады.

Күздің алғашқы сенбілігіне облыстағы барлық мекемелер мен оқу орындары белсенді қатысты. Өздеріне бекітілген аулаларды қоқыстан тазартты. Жоғарыда айтқанымыздай сенбілік жұмыстары екі айға жалғасады.

Сұхбат

PhotoRoom