Мамытбеков 2014 жылы егін қанша шығатынын тура айта алмады

Жаңалықтар
27.05.2014, 16:48

Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков сейсенбі күнгі Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте биылғы егін түсімінің болжамын дөп басып айтпады. «Болжамды, біз әрине, жасай алмаймыз» деді Мамытбеков. Тап сол уақытта министр егін салу науқаны үшін биылғы ауа райына «жақсы» деген баға берді. Оның айтуынша, кейбір аймақтарда ылғалдылық деңгейі - көпжылғы ылғалдылықтың орташа деңгейінен тіпті асып та түсуде.

Сұхбат

PhotoRoom