Қызылордада жаңа мешіт ашылды

Аймақ
07.10.2015, 14:40

Қызылорда қаласы «Ақмешіт» мөлтек ауданында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Мешіттің ашылу рәсіміне ҚМДБ-ның Қызылорда бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы, Еңбек Ері Абзал Ералиев, Мүсірәлі баба атындағы қордың басшысы Сәмит Далдабаев және қала тұрғындары қатысты.

Жалпы жобалық құны 210 млн теңгелік 400 адамға арналған мешіт «Абзал и К» толық серіктестігінің қолдауымен салынды.

Бас мердігер «Абзал Проект Консалтинг» ЖШС-і мешіт құрылысын 2014 жылдың қыркүйегінде бастаған болатын. Мешіт үлкен зал, әйелдер бөлмесі, дәрісханалар және бас имамның бөлмесімен қамтамасыз етілген.

Ашылу салтанаты барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров «Абзал и К» толық серіктестігінің басшысы А.Ералиевке ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстап, қасиетті Құран кітабын сыйлады.

Бұл мешітке орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұстаздық қызмет еткен Берік Арын бас имам болып тағайындалды.

Сұхбат

PhotoRoom