Қызылордада бокстан республикалық турнир басталды

Аймақ
17.11.2015, 11:21

16 қараш күні Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Қызылорда қаласындағы «Евразия» спорт кешенінде «Ыбырайхан және К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында бокстан республикалық турнир басталды. 

Жарыстың салтанатты ашылуында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев және бокстан КСРО спорт шебері, КСРО кубогының иегері "Ыбырайхан және К-ЛТД" ЖШС директоры Ыбырайхан Мұсабаев жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған турнирге Ақтөбе, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарынан және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен 8 команда қатысуда. Турнир алдағы уақытта да жалғасын тауып, дәстүрге айналады. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 19 қараша күні белгілі болады.

Сұхбат

PhotoRoom