Мемлекеттік сатып алу қағидаларын түсіндірді

Аймақ
17.11.2015, 11:31

Электронды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізінген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оған облыстың қаржылық бақылау инспекциясы, құрылысшылар ассоциациясы, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының, БАҚ өкілдерінің, кәсіпкерлер және облыстық басқармалардың, қала және аудан әкімдіктеріне қарасты бөлімдердің салаға жауапты мамандары қатысты. Дөңгелек үстелді облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғ.Ниязов ашып, басқарма басшысының орынбасарлары Т.Исмағұлов, Ж.Ерсейтова баяндама жасады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған бұл жиында мемлекеттік сатып алу саласында жиі кездесетін мәселелер, әлеуетті өнім берушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар қаралып, қатысушылар өздерінде шешімін таппай жүрген мәселелер бойынша пікір алмасып, басқарма басшылығы және ҚР ҚМ Қаржылық бақылау инспекциясының басқарма басшысының орынбасары Қ.Тұрымтаев пен бөлім басшысы М.Өмірбаева қатысушылардың сұрақтарына тұжырымды түсіндірмелер берді.

Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы бұған дейін де жемқорлыққа қарсы күрес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын білуді насихаттау бағытында біршама жұмыстар атқарып келеді және мұндай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын табады.

Сұхбат

PhotoRoom