Шиелі ауданының сотында семинар-сабақ өтті

Аймақ
17.11.2015, 11:43

 Шиелі аудандық сотында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында Қызылорда облыстық, аудандық сот судьялары мен сот қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабағы өтті. Бұл туралы kyzylorda-news.kz хабарлады.

Облыстық соттың сот приставы Б.Қошанов сыбайлас жемқорлыққа байланысты жұмыс барысында құқықбұзушылықтың алдын алу жолдары жайлы баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылатынын, қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болатындығы жайында атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңының жалпы ережелеріне тоқталды.

Сұхбат

PhotoRoom