Жаңақорған ауданында жаңа мешіт пайдалуға берілді

Аймақ
17.11.2015, 11:54

Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылдық округіндегі Кеңес ауылында заманауи үлгіде қайта жаңғыртылған имандылық үйі есігін айқара ашты, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі. 

Ауыл тумасы, атымтай жомарт азаматымыз Алла разылығы үшін «Құрбан ата» мешітін күрделі жөндеуден өткізуге қаржылай қолдау көрсетті. Қасиетті жұма күніне сәйкес келген игілікті істің ашылу рәсіміне игі жақсылар жиылды. Ашылу салтанатында сөз алған облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат қажы Омаров мешіт салудың Алла алдындағы сауабы хақында насихат өрбітіп, кәсіпкерге қасиетті «Құран-Кәрім» кітабын сыйға тартты. 

Ал аудан әкімінің орынбасары Б.Айтбембет жомарт жанға елдің атынан ризашылығын жеткізді. Соңыра, жаңа құтханада жұма намазы оқылып, бабалар рухына Құран бағышталды. Жаратқаннан жарылқау тілеген жамағатқа ақ дастархан жайылып, ақсақалдар қауымы ақ батасын берді. Айта кету керек, бүгінгі таңда аудан бойынша 32 имандылық үйі бар. 

Сұхбат

PhotoRoom