127 келі жарамсыз өнім жойылды

Аймақ
23.11.2015, 16:21

Қызылорда қаласында бүгінде 3 мал сою алаңы жұмыс істейді. «Сейхунинфо» сайты хабарлағандай, соның ішінде «Нұржан» мал сою алаңы биыл сәуірде іске қосылды.

Бұл орындарда союға арналған малдар алдын ала клиникалық тексеруден өткізіледі. Сойылғаннан кейін ішкі ағзалары визуалдық тұрғыда тексеріліп, жарамсыз органдары жойылады. Есепті кезеңде мал сою алаңдарында 2 126 келі жарамсыз органдар жойылған. Сауда қатарына әкелінгеннен кейін зертханалық тексеруден өткізіліп, жарамдылығы анықталғаннан соң сатылымға жіберіледі.

Сүт және сүт өнімдері де тексеріледі. Бүгінгі күнге дейін ет, сүт өнімдерінен 127 келі жарамсыз өнім жойылды.

Дерек көзі: kyzylorda-news.kz

Сұхбат

PhotoRoom