Қызылордада М.Мәметованы еске алуға арналған республикалық турнир мәресіне жетті

Аймақ
23.11.2015, 16:34

ҚызылордадаҚР Конституциясының 20 жылдығына орай Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың жүлдесіне арналған техникалық және кәсіптік білім беретін орта оқу орындары студенттері арасында ұйымдастырылған қазақ күресінен республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Қазақ күресінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері, үздік номинациялар бойынша палуандар анықталып, арнайы медальдар мен сыйлықтар табысталды. Турнир қорытындысы бойынша:

55 кг дейінгі салмақта І орынды «Ақмешіт» колледжінің студенті  - Иманзада Бақдәулет, 60 кг дейінгі салмақта І орынды Түркістан кәсіби педагогикалық колледжі студенті -Тұяқбаев Ғалым,   66 кг дейінгі салмақта І орынды «Абылайхан»  колледжі студенті - Әбдірашид Рахманберді,  74 кг дейінгі салмақта І орынды Сырдария ауданынан келген Елубай Дулат,  82 кг дейінгі салмақта І орынды «Болашақ» колледжі студенті -Табынбай Елдос  және 90 кг дейінгі салмақта І орынды  «Болашақ» колледжі студенті - Шүкір Аязбек қанжығаларына байлады.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық І орынды  Қызылорда «Болашақ» колледжі, ІІ орынды М.Мәметова атындағы Қызылорда гумаитарлық колледжі, ІІІ орынды Тараз «Парасат» колледжі иемденді.

Бүгінгі жарыстың әділ өтіп, ең мықты палуандарды анықтауға бар күшін салған Ұлттық дәрежедегі төрешілер - Б.Е.Қасымбеков, Ж.Ә.Қаусов, Ж.М.Байтенов және бірінші дәрежелі төрешілер - М.Н.Кузентаев, А.Н.Әбішев, Р.С.Рантаев, Ғ.Ж.Төлегеновтер болды.

Дерек көзі: inform.kz

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/56.jpg"]

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/57.jpg"]

 

Сұхбат

PhotoRoom