Лингвистикалық олимпиада жеңімпазы анықталды

Аймақ
23.11.2015, 16:56

Қармақшы ауданында ҚР Конституциясының 20 жылдығына орай республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы мен аудандық білім бөлімі республикалық лингвистикалық олимпиаданың І аудандық кезеңін ұйымдастырды. Ақпарат kyzylorda-news.kz сайтынан.

Олимпиадаға филиология және математика саласында жоғарғы жетістікке жеткен мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Нәтижесінде Байқоңырдағы №272 орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұржан Ислам I орын иеленді. Білгірлігімен көзге түскен Нұржанның білім додасының биік тұғырынан көрінуінде Мереке Қайнарова, Сәуле Дүйсенбаева, Беріккүл Теңізбаева сынды ұстаздарының еңбегі зор.

Жүлдегер енді лингвистикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

Сұхбат

PhotoRoom