Сырдарияда «Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбында семинар өтті

Аймақ
24.11.2015, 15:23

Сырдария аудандық сотында «Сот кабинеті және оның мүмкіндіктері» тақырыбына семинар өткізілді. Семинарға аудандық соттың  кеңсе қызметкерлері қатысты. Бұл туралы Сырдария аудандық сотының  баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, іс-шара барысында аталған сервиспен жұмыс жасау тәртібі түсіндірілді. Осы сервиспен электрондық құжат айналымын жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, акционерлік қоғамдар, шектеулі серіктестіктердің, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтер, қатысушысы немесе акционері мемлекет болып табылатын ұлттық компаниялармен хат-хабар алмасуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігі аталды.

Субъектілер мемлекеттік органдардың бірыңғай электрондық құжат айналымының жүйесінің қатысушылар құрамына кірмегендігінен, олармен хат алмасу "Сот кабинеті" сервисі арқылы жүзеге асырылатыны айтылды.

Сот кабинеті сервисін пайдалану электрондық құжат айналымын пайдалануын арттыруға, сонын ішінде сот органдарының,  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар және тағы басқа квази мемлекеттік мекемелер арасында өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Қағаз құжат айналымын азайтуды, қамтамасыз етеді, сотқа жүгіну және сот рәсімдерін қабылдауды жеделдетіп, жеңілдетеді.

Сұхбат

PhotoRoom