Оралмандарға арналған қоғамдық тыңдау өтті

Аймақ
24.11.2015, 15:25

Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған іс-шаралар өз жалғасын табуда. Мәселен, Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен шетелден келген қандас бауырларымыздың мәселелеріне орай сала мамандарының қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті. Бұл туралы «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің баспасөз орталығынан хабарлады.

Шетелден келген қандас бауырларымыздың қоғамға қалыптасуына ықпал жасау мақсатында ұйымдастырылған қоғамдың тыңдаудың модераторы «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бауыржан Мастеков алғы сөзді сөйлеп, оралмандар жайлы мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаулар және облыста көрсетіліп жатқан әлеуметтік атаулы көмектер туралы тоқталып өтті.

Одан әрі қоғамдық тыңдау еркін, ашық  түрде өтті. Қоғамдық тыңдаудың басы оралман бауырларымызға қазіргі таңда тиісті органдар мен мекемелер қандай жағдайлар жасалған туралы әңгімеден өрбіді. Одан әрі ардагерлер кеңесінің төрағалары, ОІІД көші-қон полиция басқармасының азаматтық және есепке алу бөлімінің маманы сөйлеп,оралмандарға бейімділігіне қарай жұмыс беру керек деп толықтырды.

Сұхбат

PhotoRoom