Шиеліде таэквандодан жасөспірімдер бақ сынасты

Аймақ
24.11.2015, 15:31

ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шиеліде таэквандодан жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті, - деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Жарысқа барлық ауданнан, Қызылорда қаласынан 280-нен астам спортшы қатысты. Қорытындысында жалпыкомандалық есепте әртүрлі салмақ дәрежесінде 12 алтынды қанжығасына байлаған Шиелі ауданындағы №10 «Көкшоқы» спорт кешенінің спортшылары І орын иеленді. 8 алтын алған Қызылорда қаласының командасы – ІІ, Қызылорда қаласының «Жалаңтөс Баһадүр» мамандандырылған спорт мектебінің спортшыларды 6 алтынмен ІІІ орыннан көрінді.

Жеңімпаз атанғандарға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Сұхбат

PhotoRoom