«ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Аймақ
24.11.2015, 15:35

Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасының ұйымдастыруымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» іріктемелі зерттеулерді жүргізу тақырыбында семинар болып өтті. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлады.

Семинарға басқарманың жауапты мамандары мен Қызылорда қалалық және аудандық статистика басқармаларының сұқбатшылары қатысты. Семинарда тұрмыстық зорлық-зомбылық сауалнамасының  (сұрақнамасының) дұрыс толтырылуы, әрі қарай сауалнаманы теруге дайындау мен зерттеу жұмыстары сапасын бақылаудың  қорытындысы жайлы талқыланды.

Дерек көзі: kyzylorda-news.kz

Сұхбат

PhotoRoom