«Kcell» компаниясы 5 онлайн курсын қазақ тілінде сөйлетті

Аймақ
24.11.2015, 15:41

«Coursera» халықаралық интернет порталындағы 300-ден астам онлайн курстың 5-еуін «Kcell» компаниясы қазақ тілінде сөйлетті. Компанияның Қызылорда филиалының директоры Е.Бисалиев және өкілі Д.Тұрабаева Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің студенттеріне осы жөнінде айтып берді. Ақпарат kyzylorda-news.kz сайтынан.

Олар – ойындар теориясын бизнесте қолдану; электрондық медиа және мобильдік қосымшаларға арналған креативтік бағдарламалау; көшбасшылық және эмоциялық интеллект; бағдарлама жасауды білмейтін адамдарға арналған негізгі білім; желілер, достар, ақша және байттар. Осы ретте компания өкілдері ақпараттық технологиялар және басқа да мамандық студенттерін «Coursera» халықаралық интернет порталында қосымша курстарды тегін алу мүмкіндігін белсенді пайдалануға шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom