Арал аудандық ХҚКО «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанды

Аймақ
24.11.2015, 16:31

Жуырда Арал аудандық «Халыққа қызмет көрсету Орталығы» тағы бір белестен жарқырап көрінді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы жыл «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратының ұйғарымы бойынша «Бастауыш пария ұйымы» жылы болып жарияланған еді. Осы шараға байланысты Арал аудандық «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымдарының жұмысы бойынша конкурс ұйымдастырылған болатын. Конкурс қорытындысымен «Халыққа қызмет көрсету орталығының» Арал аудандық бөлімінің Бастауыш партия ұйымының жұмысы үздік деп танылып, жүлделі орынға ие болды.

Жыл бойғы еңбегі еленіп, сапалы жұмыстарымен дараланған ұжымға «Нұр Отан» партиясының арнайы дипломын және бағалы сыйлығын партияның Қызылорда облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Ш.А.Абдрахманов тапсырып, еңбектеріне жеміс, шығармашылық табыс тіледі.

Сұхбат

PhotoRoom