НЗМ ОҚУШЫЛАРЫ «АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» ДЕП ҰРАНДАТТЫ

Аймақ
25.11.2015, 13:05

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жастардың «Aлғa, Қазақстан!» атты флеш-мобы өтті, - деп хабарлады білім ошағының баспасөз қызметі.

Мұндай шара еліміздің барлық аймағындағы НЗМ-де ұйымдастырылып, барлығы 3 000-ға жуық оқушы халық көп шоғырланатын орындарда жиналып, жаппай флеш-моб биледі. Жас зияткерлер Елбасының мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында еткен еңбегі мен жастардың сапалы білім алуына жасап жатқан мүмкіндіктері үшін алғыстарын патриоттық әнмен өрнектелген арнайы би қимылдары арқылы жеткізді.

Қызылорда қаласының химия-биология бағытандағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 100-ге жуық оқушысы акцияны облыс орталығындағы «Жібек жолы» ойын-сауық кешенінде өткізді.

 

Сұхбат

PhotoRoom