Жалағашта балабақшамен қамтамасыз ету 100 пайызға жетті

Аймақ
25.11.2015, 13:28

Жалағаш ауданында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу міндеттемесі орындалды. Бұл туралы kyzylorda-news.kz мәлімдеді.

Аудан әкімі Талғат Дүйсебаев мәлімдегендей, «Балапан» бағдарламасы аясында 2015 жылға 1 135 орынға 218 млн. 648 мың теңге қаржы бөлінген. Бүгінде мұнда мектепке дейінгі 36 білім беру ұйымы жұмыс істейді. Соның 10-ы – мемлекеттік, 12-сі – жеке, ал 14-і – мектептер жанындағы шағын орталық. Барлығында 1 930 бала тәрбиеленуде немесе бұл – 100 пайыз. 

Алдағы уақытта Жалағаш кентінде, Еңбек, Аламесек ауылдарында тағы да балабақшалар ашылады, - дейді аудан әкімі. 

Сұхбат

PhotoRoom