Қызылордада қазақ күресінен республикалық турнир өтеді

Аймақ
25.11.2015, 13:31

27-28 қараша күндері Қызылордада жасөспірімдер арасында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновты еске алуға арналған қазақ күресінен республикалық турнир өтеді. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Бесінші мәрте ұйымдастырылатын турнирге Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 14 команда қатысады. Жарыс ұлдар арасында 7 салмақ дәрежесінде, қыздар арасында 3 салмақта өткізіледі.

Жарыс сағат 9-да басталады, салтанатты ашылуы 12-де №1 ОРМБЖМ-де болады

 

Сұхбат

PhotoRoom